Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты. Ұжымдастырудың әкімшілік-зорлықшылдықсипаты кулактар мен байларды тап ретінде жою аясында белен алған сол бір қуғын-сүргін іс-шаралары арқылы орасан зор қасірет түрінде бой көрсетті.

Мемлекеттің ұжымдастыру қарқынын жедел арттыруға рұқсат еткен БК(б)П ОК-нің 1930 жылғы 5 қаңтардағы халықты зар жылатқан белгілі қаулысына дейін де тәркілеуге барынша бастамалық жасағанын атап өткен жөн. Жоғарыда іс жүзінде тікелей қанауға ұқсас, яғни байлардың ірі шаруашылықтарын тәркілеу жөніндегі науқан туралы айтылды. Шаруа шаруашылықтарын кең ауқымда тәркілеу (партия құжаттарында қолданылған терминдер бойынша — «кулактарды тәркілеу») салық бұғауымен мықтап қысу (ауыл шаруашылығы салығы, дербес салық салу және т.б.) барысында да орын алды. нобай|Кропивницкий қаласында 2017 жылы орнатылған саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш 1929 жылғы 28 маусымда БОАК пен ХКК «Жергілікті Кеңестердің жалпы мемлекеттік тапсырмалар мен жоспарлардың орындалуына ықпал етуге қатысты құқықтарын кеңейту туралы» қаулы қабылдады.Абылхожин Ж Б., Масанов Н.Э. Оседание кочевников в доиндустриальную эпоху: реальность и миф // Всесоюзная научная сессия по итогам полевых этнографических и антропологических исследований. 1988-1989 жж. Ч. 3. А.-А., 1990, 45-6.. Соған сәйкес, ауыл жиындарында астық дайындау жоспары бойынша өзіне міндеттеме қабылдау тәртібімен жекелеген шаруашылықтар арасында тапсырманы бөліске салуға рұқсат етілді. Сөйтіп, жиынның шешімдеріне бағынбаған, астық тапсырудан жалтарған жекелеген шаруашылықтарға әкімшілік тәртіппен тапсырылмаған астықтың бес еселенген құны көлемінде айыппұл салынды, ал олардың мүлкі сатылуға жатқызылуы тиіс болды. Қаулы РФКСР КК-нін 61-бабы бойынша (басқа жерге көшіру арқылы немесе онсыз, бүкіл мүлкі немесе мүлкінің бір бөлігін тәркілеп, екі жылдык мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға) қылмысқа тарту көзделді. КСРО OAK мен ХКК «Малды жазықсыз союға қарсы күрес шаралары туралы» қаулысының СУ РКФСР, 1929, №60. Ст. 589.. негізінде 1930 жылғы қаңтарда сот өндірісінде мал сойғаны және «ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын болдырмау және оның белен алуына кедергі келтіру мақсатымен» арандатушылықпен айналысқаны үшін айыпталған адамдарға қарсы 79-бап қабылданды. Аталған бапта «басқа жерге көшіре отырып немесе онсыз, екі жылдық мерзімге дейін бас бостандығынан айыру» түріндегі жаза көрсетілді.СЗ СССР, 1930, №6. Ст. 66..

Оның үстіне Лениннің өсиетін («Келісімге жол жоқ: кулакты помешикпен, онда да оп - оңай патшамен,поппен, тіпті олар ұрысып қалған күнде де, табыстыруға болады, ал жұмысшы табымен еш уақытта келісімге келтіре алмайсыз») УК РКФСР, М.,1932. Ст. 37.. басшылыққа ала отырып, шаруаларға қарсы қуғын-сүргіннің азапты тетігі шыбын жанды одан әрі қыса түсті. 1929 жылғы желтоқсанның соңында аграрлық марксистер конференциясында сөйлеген сөзінде Сталин кулактарды тап ретінде жою бағыты партиялық-мемлекеттік саясатта ресми мәртебе алады деп жариялады.

1930 жылғы 11 қаңтарда жарыққа шыққан «Правда» газетінің бас мақаласында: «Кулакты тап ретінде жою мәселесі теориялық қаулылар аясынан партияның осы кездегі «практикалық жұмыс» аясына көшірілді» Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т. 37, 40-6.. деп жазылды. БК(б)П ОК Саяси бюросының 15 қаңтардағы шешімімен В. Молотов басқарған, 21 адамнан тұратын арнаулы комиссия құрылды (оған Ф. Голощекин кірді). Ол кулактарды тәркілеу жөнінде бірқатар нақты шаралар әзірледі, 1930 жылғы 30 қаңтарда Саяси бюроның қаулысы түрінде ресми нұсқаулық күшке ие болды.

Жалға беру заңының тоқтатылуы Осы құжатқа сәйкес, жаппай ұжымдастырылған аудандарда өндіріс құралдарын жалға беру туралы заңның қолданылуы тоқтатылды және жұмысшы күшін жалдау-жалға беруге (бұл шараның ЖЭС кезінде ашық, жарияланғаны есімізде) тыйым салынды. Кулак шаруашылықтарынан жер, мал, шаруашылық және тұрғын-үй құрылыстары, азық-түлік, жем мен астық қорлары тәркіленуі тиіс болды.

Ойластырылған әлеуметтік-таптық геноцидке большевиктік және жоспарлы сипатберу үшін құрбандыққа жатқызылғандар үш санатқа бөлінді. Бірінші санатқа (контрреволюциялық белсенділер, көтерілістер мен террорлық әрекеттерді ұйымдастырушылар) жатқызылғандарға азапты лагерьлер немесе ату жазасы белгіленді. Екінші санаттағыларға (мейлінше бай кулактар) КСРО-ның жекелеген аудандарына жер аудару жазасы қолданылды. Және, ең соңында, үшінші санаттағыларды (кулак шаруашылығының қалған бөлігі) тұрғылықты жерімен шекаралас, бірақ өз колхозынан тыс жерлерге орналастыру көзделді (ұжымдастыруды жеделдету барысында колхоздардың «теңіздей қаптауы» көп аумақты басып қалды, ал «колхоз жерінен тыс жатқан» кеңістік адам игермеген жеке алқаптарға айнала бастады, сондықтан үшінші санат іс жүзінде екінші санаттағылармен қосылып кетті).Правда, 1930, 11 қаңтар..

Тәркілеуге жатқызылған шаруа шаруашылықтарының саны оның жалпы санының 3-5%-ы шегінде белгіленді. Дегенмен КСРО ОСБ деректері бойынша 1929 жылы кулак үй-жайының үлесі 2%-дан сәл ғана асты.Ленинский кооперативный план и борьба партии за его осуществление. М., 1969, 107-6.. Тиісінше, 3% бос орын қалдырылды, ол 600-700 мың отбасылық шаруашылықтармен (яғни шамамен 3,5—5 млн адам) толықтырылуы тиіс болды.

Жазалаушы акциялардың қара дүрсін жоспарланғаны сонша, тіпті не ана, не мына санатқа жатқызылуы тиіс шаруа отбасыларының нақты цифрлары анық-қанығына бармай-ақ, алдын ала көрсетілді. Жоғарыдағы партиялық нұсқауларда бұл термин «шектеулі контингентке» бөлінген деп аталды, әйтсе де соңғысына көп жағдайда «кеңейтілген» деген анықтама дәлірек келеді, өйткені олардың рұқсат етілген саны бойынша онсыз да аса ауқымдығын-сүргінге жол барынша айқара ашылды.

Бірінші санаттағыларға 60 мың отбасы, екінші санаттағыларға 150 мың отбасы енгізілді.Правда, 1988, 16 қыркүйек.. Құжаттың логикасына сәйкес, «партияның ақыл-ойы» алдын ала КСРО-ның алдағы есепті жылдарында қанша контрреволюцияшыл шаруалардың болатынын, қанша терактілер ұйымдастырылып, ұжымшар ісіне қарсы қанша бүлік шығарылатынын, тиісінше қаншасының оққа байланып, азаптау лагерьлері мен итжеккенге айдалатынын алдын ала білген болып шығады. Алайда бұл тіпті де абсурд немесе ұшқары пікірдің жаңғырығы емес. Бұл арада балта мен бұғаудың: ұжымдастыру мен тәркіленудің ортасында қалып, жаппай көтерілген шаруалар қарсылығын жоюға бағытталған, әбден ойластырылған ұстаным бой көтерген болатын.

Аталған қаулымен Қазақстан үшін де нұсқамалық тапсырмалар белгіленді. Бірінші санаттағылар қатарына 5-6 мың отбасы, екінші санаттағыларға 10-15 отбасы жатқызылды.Ивницкий Н.А. Коллективизация и раскулачивание. М., 1994, 64-6.. Бірінші санаттағы адамдардың істері бойынша үкім «үштік» деп аталғандардын сот отырыстарында шығарылды, «үштіктің» құрамына партиялық органдардың, ОГПУ мен прокуратураның бірінші басшылары кірді. Екінші топтағылар, кедей шаруалар мен жарлы-жақыбайлардың қатысуымен, ұжымшардын жалпы жиналысының қарауына берілді, бірақ бүкіл тізімді жергілікті органдар бекітті. Акцияны 1930 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында өткізу жоспарланды. «Науқанның» жедел жүргізілуін ОГПУ жүзеге асырды.

Осыған байланысты ОГПУ ақпан айының басында өзінің құрылымдарына «контрреволюция агенттерін», «бірінші санаттағы өте белсенді кулак элементтерін» ұстау және тамырына балта шабу жөнінде жедел операцияларды бастауды талап еткен нұсқауларын жонелтті. Сол бойда Қазақстанда 3113 адам тұтқындалды.Архивы Кремля. Политбюро и крестьянство: высылка, спецпоселение. 1930-1940. М„ 2005, 72-6.. Ізінше жаппай жер аудару науқаны басталды. 1930 жылғы мамыр айының басында ақөлкеге 1341 отбасы немесе 7535 адам жер аударылды.Жумабеков Ж. Ленинской дорогой. А.-А., 1973, 155-6..

1931 жылғы наурыз айының екінші жартысында Голощекин Орталыққа Қазақстаннан тыс аймақтарға шекаралық және мақта өсіретін аудандардың 1500 отбасын бала-шағасымен көшіруге рұқсат сұрап, жеделхат жөнелтті. Бірак республика аумағының өзі «кулактардың жер аударылатын» мекені болғандықтан, Өлкелік комитет пен ОГПУ уәкілетті өкілдігіне «қоныс аудару мүмкіндігін өлкенің өз ішінен» табу ұсынылды.Ивницкий НА. Коллективизация и раскулачивание, 64-6..

1931 жылғы 20 шілдеде БК(б)П ОК Саяси бюросы өзінің отырысында кулактардың шаруашылықтарын жаппай жер аудару негізінен аяқталды деп баяндап, оларды одан әрі жер аударуды жекелеген тәртіппен жүргізуді ұсынды. Іс жүзінде бұл «тәртіп» он мыңдаған адамдардың жаңа құрбандығымен өлшенді.

Осы мәжілісте Қазақстанға кулактар мен байларды жер аударуға рұқсат етілді. Республикалық ОГПУ-ге жер аударылатындардың санын, мерзімі мен орнын белгілеу жүктелді. Көп ұзамай бұл жұмыс іске асырыла басталды, 30 тамызда Саяси бюро өлкеге 5000 отбасын бала-шағасымен жер аударуға рұқсат етті.Сонда, 171-6..

Жер аудару жалғасын тапты Сөйтіп, жаппай тұтқындау, азап лагерьлеріне отырғызып, жер аудару 1930 және 1931 жылдарда одан әрі жалғасты. ОГПУ ГУЛ АГ-ының Арнайы қоныс аудару жөніндегі бөлімінің деректері бойынша тек Қазақстан аумағына осы кезеңде 6765 отбасы бала-шағасымен жер аударылды.Сонда, 181-6.. Мәліметке тек бірінші және екінші санаттардағы отбасылар, яғни арнайы қоныс аударылғандар кіргізілді. Үшінші топтағыларға келсек, «колхоз қатарынан» шығарылғандарға, ОГПУ, шамасы, онша назар аудармаған сияқты (олар тіпті алғашқы екі санаттағыларды да өте қарама-қайшы деректер беріп шатыстырған). Бірақ олардың санының айтарлықтай көп болғанын болжау қиын емес.

Республикадан тыс жерлерге жер аудару да жүзеге асырылды. Қолдағы бар деректер (нақтылауды қажет ететін) бойынша, 1931 жылы Қазақстаннан 5500 отбасы жер аударылған.Земское В Н. Социологические исследования, 1991, №10.. Бұған қарап 1930 және 1931 жылдарда Қазақстанда 12 265 шаруашылық тәркіленді, яғни кем дегенде 60-70 мың адам, оның ішінде қарт адамдар, балалар мен әйелдер, азапты қуғын-сүргінге ұшырағанын байқаймыз. Солардың көпшілігі осы азаптан қайтыс болды.

Өкінішке қарай, белгілі себептермен бұрынғы орталық, сондай-ақ жергілікті, ведомстволық мұрағаттар (ең алдымен партия мен чекистер мұрағаттары) жабық болғандықтан, жоғарыда келтірілген статистиканы ақиқаттың бәрін бірдей қамтыған балама ретінде қабылдауға болмайды. Айталық, барлық тәркіленген шаруашылықтардың жиынтық санын, қамауға алынған отбасыларының тағдырын, яғни қаншасының атылғанын немесе азапты лагерьлерге айдалғанын анықтауға мүмкіндігіміз болмай отыр. Дегенмен ерте ме, кеш пе құрбан болғандардың саны, дәлірек айтқанда барлық саны анықталатын болады.

Ал ресми тұрғыдағы санына келетін болсақ, ол БК(б)П ОК-нің 1930 жылғы 30 қаңтардағы қаулысының өзімен анықталды (санаттарға бөлу және олардың нұсқаулық сандық бөлінісі). Жоғарыдан берілген «цифрлардың» сол бойда орындалғанына күдік келтіруге болмайды. Сталиннің «біздің жоспарларымыз болжам-жоспарлар емес, нұсқаулық-жоспарлар» Дахшлейгер Г.Ф. Маршрутом социального прогресса. А.-А., 1981, 130-6.. дегенін тағы да еске алайық. Оның үстіне, осы жоспарларды іске асырушы ретінде Голошекин әрекет етті, оның БК(б)П ОК Саяси бюросының ұжымдастыру және тәркілеу жөніндегі комиссияларының құрамына енгізілуі кездейсоқ емес. Осыған қарап, Қазақстаннан бірінші санат бойынша кем дегенде 6 мың отбасының бала-шағасымен, екінші санат бойынша 15 мың отбасынын бала-шағасымен неліктен жер аударылғанын түсінуге болады.