Ұлттық стадион () — Польшаның елордасы Варшава қаласында орналасқан футбол стадионы. Оның құрылысы 2009 жылы басталып, 2011 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілді. 2012 жылдың 29 қаңтарында ашылды. 2012 жылдың Польша және Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатының басты стадиондарының бірі.
Сипаттама Жаңа стадионның сыйымдылығы 58 500 адам, оны спорттық және концерттік залға айналдыратын, жылжымалы шатырмен жабдықталған. Стадионмен қатар, 4 000 адамға арналған олимпиада жүзу бассейінін және аквапаркті, қонақ үйді және конгресс-холлды, 8 000 автокөлікке арналған сыйымды парковка салуға жоспарланып отыр.
Польша құрамасы 2012 жылдың 29 қаңтар күні стадионда Польша және Португалия құрамаларының арасында алғашқы ойын өткізілген еді. Еуропа чемпионаты кезінде ұлттық стадионда топтық кезеңінің үш матчі, сонымен қатар, ширек финал және жартылай финал өтеді.
Стадионда 2012 жылдың Еуропа чемпионатының жоспарланған матчтары Жергілікті уақыт ДатаУақытКоманда 1''ЕсепКоманда 2КезеңКөрермендер 8 маусым 2012 18:00 A тобы (ашылу матчі) 12 маусым 2012 20:45 A тобы 16 маусым 2012 20:45 A тобы 21 маусым 2012 20:45 А тобындағы 1-ші орын B тобындағы 2-ші орын 1/4 финал 28 маусым 2012 20:45 1/2 финал
Сыртқы сілтемелер
Стадионның эскиздері Стадионның фотосуреттері Ұлттық стадион
Санат:Польша футбол стадиондары Санат:Варшавадағы спорт Санат:Стадиондар