Жақсы Сарысу – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алабы 3510 км².

Бастауы Сарыарқаның ортаңғы бөлігіндегі Бұғылы, Жақсы Тағылы тауларынан басталады да Сарысу өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Қар және жер асты суларымен толығады. Жоғарғы жағында арнасы тар келеді. Саға төңірегінде кеңейіп, жайылмасы қалыптасады. Ірі салалары – Ақсу (40 км), Нарбақ (28 км). Жылдық орташа су ағымы 0,33 – 0,67 м³/с. Қараша – сәуір айларында мұзы қатады. Ағынын реттеу және шабындықты көлдетіп суғару үшін Нарбақ саласы құйған жерінен шағын бөген салынған. Мал суарылады. Алабы – жайылым.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы