Жақсытүкті – Көкшетау қыратының оңтүстігіндегі эрозиялық-денудациялық тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерінде орналасқан. Бірнеше шоқылардан тұратын таудың абсолюттік биіктігі 593 м. Доғалданып, бойлық бағытта созылған. Ұзындығы 35 – 37 км, ені 10 – 12 км.
Жер бедері мен геологиясы Беткейлері көлбеу, Сарқырама өзені басталатын оңтүстік батысы тіктеу, жартасты. Жоғарғы девонның интрузивті гранит жыныстарынан түзілген. Оның бетін аллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Күлгін түстес шымды топырағында әр түрлі шөптесіндер, баурайында қарағайлы-қайыңды орман өседі.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сандықтау ауданы таулары