Жалаңаш – Нұра алабындағы тұйық көл, Теңіз-Қорғалжын ойысында.

Географиялық орны Ақмола облысындағы Целиноград ауданында орналасқан. Теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 8,8 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Орташа тереңдігі 2,5 м. Жағалауы саздақ, жайпақ. Суы тұщы. Қар суымен деңгейі көтерілгенде, суы кемерінен асып, жағалауындағы ойпатты батпаққа айналдырады. Жайылмасында қамыс, шалғын шөп өседі. Көлді аудан шаруашылықтары құс өсіруге, мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Целиноград ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы