Жалдықұм– Жамбыл облысы Сарысу ауданы Шығанақ ауылының оңтүстік-батысында 30 км жердегі қоныс. Мойынқұм құмының солтүстігіндегі тізбекті жалды құмдардың бойында орналасқан. Шу өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 256 м биіктікте жатыр. Солтүстік бөлігі сор, тақырлы келген. Маңайында Қотырқазған, Тұма құдықтары, оңтүстігінде Айкене қонысы орналасқан. Қоныстың бойындағы құмды алқапта сексеуіл, жүзгін, еркек шөп, жусан өседі.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы қыстаулары