Жиренсақал – Қарқаралы тауының оңтүстік-шығыс сілеміндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан оңтүстікке қарай 10 км жерде. Ең биік жері 1403 м. Ұзындығы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Жиренсақал туристік және спорттық нысан.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Ортаңғы және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан түзілген. Беткейлері құзды, сай-жыралармен аз тілімденген.

Топырағы, өсімдігі Тау етегін қара топырақ жапқан. Баурайында қарағай, арша, қарағайлы-қайыңды ормандар, түрлі бұталар, әр түрлі шалғындар өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары