Көлдіш – Қиыл және Үлкен Қобда өзендерінің аңғарындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының оңтүстік-батысында 24 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 275 м. Беткейі көлбеу, пішіні үшбұрыш тәрізді келген. Баурайында көптеген ірілі-ұсақты шоқылар бар.

Өсімдігі Шалғынды қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, боз, т.б. ксерофитті шөптесіндер өседі. Етегі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы таулары