Көсе – Арқалық тауларының солтүстік-шығысындағы оқшауланған тау массиві.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінің батысында 45 км жерде орналасқан. Абсолютiк биіктігі 1014 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км.
Жер бедері Оңтүстік-шығыс беткейі тіктеу, қалғаны көлбеулеу, беті тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-шығыс баурайында таудың қорым тастары жер бетіне шығып жатыр.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шала дамыған қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Етегі жазғы жайылымға пайдаланылады, мал қыстаулары бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары