Қапшағай бөгені – Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы бөген.

Географиялық орны Шаян өзені бойында, Қазата ауылының солтүстік-шығысында орналасқан. 1983 жылы салынған.

Сипаты Жалпы су сыйымдылығы 34,5 млн. м3, пайдалы сыйымдылығы 32,5 млн. м3. Суы айдынының беткі деңгейі теңіз деңгейінен 429,6 м биіктікте, аумағы 3,3 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 0,3 км. Суымен аудан шаруашылықтарының егістігі суғарылады, шабындықтары суландырылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Түркістан облысы гидрографиясы