Қараадыр – Ханшыңғыс жотасының солтүстігіндегі таулар.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Бестамақ ауылының шығысында 28 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 684 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 – 12 км шамасында. Беткейлері көлбеу, көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Үлкен Шонай, Шонай, шығысында Ордатас таулары орналасқан.

Өсімдігі Бозғылт, қоңыр топырақ жамылғысында тал, терек аралас далалық өсімдіктер өседі. Тау етегі мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары