Арагонит – карбонаттар класындағы минерал. Химиялық формуласы: CaCO3. Ромбылық сингонияда кристалдары призма және ине тәріздес болып түзіледі. Агрегаттары шыбықша немесе шоқ сәулеше тарамдалады, тамшы тәрізді және оолитше бөлшектенеді. Арагонит ақ, кейде сарғыш, жасыл және күлгін түстес әрі шыныдай жылтыр болып келеді. Қаттлығы 3,5 – 4,0, сынғыш, меншікті салмағы 2,9 – 3,0 г/см3,қаттылығы — 3,5—4 жіктілігі (010) жетілген, (011), (ПО)жетілмеген. Төменгі температуралы минерал болғандықтан гидротермальды процестің соңғы сатыларында түрлі экзогендік процестер әсерінен түзіледі.АрагонитКристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69 төмен температуралы гидротермалық процестер мен моруға үшыраған ультранегізді және негізді жыныстарда, әкті туфтарда, гипсті қаткабаттар мен күкірт кендерінде кездеседі. Түсі әдемі түрлері әшекейтас ретінде пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы I том Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер
Санат:Кальций минералдары Санат:Карбонат минералдар