Беде қоңыр көбелегі , зығыр қоңыр көбелегі () – қоңыр көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Қазақстанның далалы және орманды-далалы белдемдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұзындығы 30 – 35 см-дей. Көбелек 600 – 700, кейде 1500 жұмыртқа салады. Оны жарып шыққан жұлдызқұрт жасыл не қызғылт сұр түсті (ұзындығы 21 – 40 мм). Беде, зығыр, соя, мақта, кендір, арахис, күнбағыс, темекі, көксағыз, т.б. дақылдардың жапырағын, тұқым бүрін, тұқымын жеп қоректенеді, топырақ арасында (2 – 5 см тереңдікте) қуыршаққа айналады. Одан шыққан көбелек мамыр айының басында (оңт. аудандарында) не аяғында (солт-те) ұша бастайды. Жылына 2 – 3 рет ұрпақ береді. Негізгі күрес шаралары: Б. қ. к. қуыршаққа айнала бастаған кезде егістікті қопсыту, оның шөбі алынғаннан кейін сүдігер жырту, тех. дақылдар мен бұршақты өсімдіктер себілген жерлерге инсектицид (хлорофос, метафос, т.б.) шашу. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Сілтеме Teasel Handles and Teasel Gigs in the Trowbridge Museum
Санат:Қабыршақ қанаттылар Санат:Қоңыр көбелектер