Арман Ғалиасқарұлы Дунаев (7 қазан 1966 жыл, Қоғалы ауылы, Гвардия ауданы, Талдықорған облысы) — қазақстандық экономист, қаржыгер, мемлекет қайраткері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Білімі 1988 жылы саяси экономия мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөліміне аспирант ретінде қабылданды. 1992 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны Еңбек жолын 1988 жылы Жамбылдың гидромелиоративті-құрылыс институтының кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 1992 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың қараша айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің сыртқы экономикалық байланыс аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі. 1993 жылдың қараша айынан 1998 жылдың сәуір айына дейін экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінде басқарушы қызметтерін атқарады. 1998 жылдан 2000 жылдар аралығында екінші деңгейлі банкте инвестициялық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істеу басқармасының бастығы. 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік борыштар Департаментінің Директоры. 2001 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі болып тағайындалады. 2002 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-Министрі. 2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың наурыз айына дейін АҚ «Ұлттық инвестициялық қор» басқарма Төрағасы. 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-Министрі, ал одан кейін Қаржы Министрі болып тағайындалды. 2006 жылдың қаңтар айынан 2008 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы. 2008 жылғы 23 қаңтардан 13 қазанға дейін «„Қазына“ орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 жылғы 17 қазаннан 2011 жылғы мамырға дейін «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X 2011—2012 жылдары „Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі.
Басқа қызметтері 2008—2011 жылдары «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2009—2011 жылдары «БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2014—2017 жылдары «Altyn Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2017—2025 жылдары «Halyk Finance» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.Дунаев Арман Галиаскарович (персональная справка) 2017—2018 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.Совет директоров Qazkom возглавил Арман Дунаев 2025 жылдан бастап «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.У Halyk Bank будет новый председатель совета директоров
Марапаттары Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005) «Құрмет» ордені (2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)
Отбасы жағдайы Үйленген, 2 баласы бар.
Дереккөздер
Санат:7 қазанда туғандар Санат:1966 жылы туғандар Санат:Кербұлақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан қаржы министрлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері