Дәнсары – Ұлы Жыланшық өзені алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданының қиыр батысында, Байқоңыр ауылының солтүстік-батысына қарай 100 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 157 м.

Гидрографикасы Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 6,9 км, ең терең жері 1,5 м, су жиналатын алабы 468 км2. Көл ағынсыз, солтүстік-шығысынан (Сарын тауынан) жазда тартылып, қарасуларға бөлініп қалатын Қайдағұл өзені құяды. Қар және жер асты суларымен толығып, көктемде Шөміш көлімен ұласады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Ақ және боз жусан, қылқан селеу, т.б. шөптер өсетін жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы көлдері