Етбатыр – Көшім өзенінің сағасында орналасқан көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы жерінде.
Гидрографикасы Аумағы 4,91 км2, ұзындығы 4,2 км, ені 2,3 км, жағалауының ұзындығы 19,6 км. Көл негізінен Көшім өзенінің және жер асты суларымен толығады. Көктем айларында суы шарасынан асып, жайылма құрайды. Жағалауы шабындық және жайылым.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы көлдері