Ешкіөлмес – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылынан батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 1133 м.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі жайпақ, тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девон жүйесінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз]], бетеге, бұталар өседі. Бұлаққа бай. Жазғы жайылымға пайдаланылады, мал қыстаулары бар. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары