Беларусь ( ), ресми аталуы — Беларусь Республикасы (, , аббревиатурасы — БР) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жерінің көлемі — 207,6 мың км². Халқы — 9 миллион 451 мың адам. Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — беларус тілі және орыс тілі. Діні — православие (70%). Ақшасы — беларусь рублі. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент Александр Лукашенко. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.
Әкімшілік бөлінісі thumb|alt=A.|Әкімшілік аумағы + Беларусь Республикасының облыстары Облыс Поштаиндексі Құрылғанкүні Халқы Әкімшілік орталығы Брест облысы 224000 189007034 желтоқсан 1939 01 401 000 Брест Витебск облысы 210000 1846122815 қаңтар 1938 01 231 000 Витебск Гомель облысы 246000 1819121415 қаңтар 1938 01 464 500 Гомель Гродно облысы 230000 1959010320 қыркүйек 1944 00 1 072 000 Гродно Могилёв облысы 212000 1912021415 қаңтар 1938 01 095 000 Могилев Минск облысы 220000 1836061515 қаңтар 1938 01 422 000 Минск
Тарихы Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. ІІ-V ғасырларда аталған өңірге Днепр бойынан славяндар келе бастайды. ІХ ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде славяндардың 3 ірі тайпа бірлестігі қалыптасады: Полесье мен Орталық өңірде дреговичтер, Сож өзені алабына радимичтер, Батыс Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы жағына кривичтер қоныстанған. ІХ ғасырда Киев Русінің құрылуына байланысты Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді. ІХ-ХІ ғасырларда егіншілік кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің ыдырауы салдарынан бірнеше ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды ХІІІ ғасырдың 2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алады. ХІV ғасырдың аяқ кезінен бастап кейбір қалалар (Брест, Гродно, Минск, Могилев) өзін-өзі билеу құқын алады. Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. ХІV ғасырдың аяғында Тевтон ордені шабуылы күшейгендіктен, 1385 жылы Польша мен Литва арасында Крево униясы жасалынды. Орден әскері талқандалғаннан кейін (қара Грюнвальд шайқасы) 1413 жылы поляктар мен литвандар арасында жаңа уния (Городельск) жасалынады. Бұл келісім бойынша Ұлы Литва князьдігінің дербестігі сақталады, бірақ поляк королі оның үстінен қарайтын болады. Литва князьдігінің Ливон соғысында (1558-1583) Ресейден соққы алуы оны Польшамен бірігуге мәжбүр етті. 1569 жылы Люблин униясы бойынша Ұлы Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін ығыстырып, котолик діні енгізіле бастады. 1648 жылы басталған Украинадағы ұлт-азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды. ХVІІІ ғасырдан бастап поляктарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс онан әрі күшейіп кетеді. Речь Посполитаяны үш рет бөлісудің нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. ХІХ ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Теміржолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. І дүниежүзілік соғыс (1914-18) кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы шілдеде құрылған Белорус радасы тәуелсіз мемлекет болу жолында күрес жүргізеді. Олар 1918 жылы ақпанның 19-ынан 20-сына қараған түні Поляк легиондары корпусымен бірігіп, Минск қаласын басып алады да, Беларусь Халық Республикасын құрады. 1919 жылы қаңтарда бұл үкіметті Қызыл Армия жасақтары құлатты. Оның орнына 1919 жылы 1 қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 жылы 30 желтоқсанда КСРО құрамына енеді. Молотов — Рибентроп келісімі бойынша 1939 жылы қараша айында БКСР Батыс Белоруссиямен қосылып, аумағы ұлғаяды. left|thumb| alt=A.| Брест қамалы. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қоластында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылады. Экономикасы дамиды. Ауылшаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды. 1990 жылы Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 8 желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды. 1994 жылы 10 шілдеде алғашқы президенті болып А.Г. Лукашенко сайланады. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусь Кеден одағына, БҰҰ-на, ТМД-ға мүше. Ресей Федерациясымен Беларусь арасында қол қойылған (1999, желтоқсан) шартқа сәйкес жаңа одақтық келісім жасалынды. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауылшаруашылығы және т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада калий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар. XX ғасырдың 90-жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 12%-ке төмендеп кетті. Экономикалық құрылымындағы мемлекеттік емес салалардың үлесі экономикада 34%, (1998), ал шеттен тартылған инвестиция мөлшері 6,5% (1997). Негізінен Кеден одағы елдеріне (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар және т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, таскөмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Экономикалық байланыстардың үзілуі, жылу-электр ресурстарына бағаның көтерілуі ел экономикасын аса қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен ұсақ өндіріс салаларында 900 шетелдік және 2000-нан аса бірлескен кәсіпорындар (негізінен Польша, ГФР, АҚШ фирмалары) жұмыс істейді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері.
Географиясы left|thumb| alt=A.| Витебск облысындағы Струсто өзені Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Жерінің басым бөлігі теңіз деңгейінен 100—200 м ғана биік. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 — 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы — Вилия). Жерінің 33%-і орман болып келеді. Ормансыз жерлері — шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде.
Саясаты
110px 120pxАлександр ЛукашенкоПрезидентАлександр ТурчинПремьер-министр Ресми түрде Беларусь — президенттік республика жүйесіндегі тәуелсіз мемлекет. 1994 жылдан бергі президенті — Александр Лукашенко және 2025 жылдан бері премьер-министрі — Александр Турчин. Елдің парламенті Беларусь Ұлттық Жиналысы екі палатаға бөлінеді: жоғарғы Республика Кеңесі және төменгі Өкілдер палатасы. Парламент палаталарының екеуінде де мандаттарының көпшілігіне ие саяси партия — про-президенттік Белая Русь партиясы.
Лукашенконың авторитарлық әкімішілігі, жеке басына табынуы, оппозицияға қысым көрсетуі себебімен «Еуропаның соңғы диктаторы» атағын алған. Елдегі сайлаулар демократиялық болып саналмайды.
Табиғаты және табиғат ресурстары Беларусь аумағы Ежелгі Орыс платформасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Батпақты сипат алатын ойпаттардың ең ірісі оңтүстікте орналасқан - Беларусь полесьесі. Ел аумағы батыстан шығысқа кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік қыраттар мен жалдар жүйесін жалпы атпен Беларусь жалы деп атайды. Ел аумағында ең биік бөлігі болып саналатын Минск қыраты (345м) солтүстіктен батысқа қарай орналасқан. Жер бедерінің тегіс болуы Беларусь аумағын ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттырғанмен, батпақтардың көп болуы қосымша мелиорациялық шаралар жүргізуге қажет етеді. Ежелгі платформа шегінде жатуы минералды шикізат құрамында да әсер еткен. Солигорск маңында калий тұздарының дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі (барланған қоры 42 млрд т.) орналасқан. Мозырь, Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар. Ел аумағында құрылыс материалдары (cаз балшықтар мен құмдар, қиыршық тастар, құрылыс тастары, цемент және шыны шикізаты) да мол.
Беларусь жеріне қоңыржай континентті климаты тән. Ел аумағында климат көрсеткіштері үлкен айырма жасамайды. Қыс кезінде ауа райының кенеттен құбылуы жиі байқалады. Қаңтардың орташа температурасы -5-тан -8 градусқа дейін өзгеріс жасайды. Жазы қоңыр салқын, жаңбырлы, әдетте, шілденің орташа температурасы +15 градустан жоғары болады. Бұлтты, бұлыңғыр, күндер саны басым, жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-700 мм шамасында. Ауыл шаруашылығын жүргізуде ылғал мөлшері жеткілікті болғанымен, кейбір дақылдарды өсіруге жылу жетпейді.
Беларусь арқылы Днепр мен оның салалары: Припять, Березина және Неман, Батыс Двина, Батыс Буг өзендері ағады. Жазықтан ағатындықтан ағысы баяу болатын бұл өзендер сол сулы келеді. Елде жалпы саны 4 мыңнан асатын ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдер әсіресе солтүстікте көп, елдің бұл бөлігін Поозерье деп атайды. Елдегі ең ірі көл Нарочь көлі, оның ауданы 80 км.кв., тереңдігі - 25м. Ішкі сулар, негізінен, елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Батпақтар Беларусь жерінің 20 пайызын алып жатыр. Елдің солтүстігінде шымды күлгін топырақта шыршалы ормандар, орталық бөлігінде құмды топырағында қарағайлар өседі. Жалпы алғанда, ормандар ел аумағының үштен бір бөлігін алады. Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден асқан алып қарағайлар өседі және орман зонасының көптеген жануарлары мекендейді.
Беларусь жерінің қайталанбас табиғатын сақтап қалу мақсатында Беловеж ұлттық саябағы, Березин, Припять және Полесье қорықтары ұйымдастырылған. Полесье радиациялық-экологиялық қорығы шекаралас Украинаның Чернобыль АЭС-індегі жойқын апаттан кейін, радиоактивті ластанудың табиғи ортаға қалай әсер ететінін арнайы зерттеу мақсатында құрылған. Жалпы Беларусь жеріндегі мыңдаған гектар ауыл шаруашылықты алқаптар радиациялық жағынан қауіпті аудандар табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстары Географиялық орнының ерешеліктеріне байланысты Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарында Еуропа елдері мен Ресей басты орын алады. Әсіресе соңғы жылдары Ресеймен одақ құруы және кедендік бөгеттердің жойылуы екі ел арасындағы байланыстарды нығайта түсті. Беларусь Ресейден жасанды каучук, мұнай мен газ, көмір элект энергиясын және қара металлургия өнімдерін, өсімдік майын сатып алады. Беларусь экспортында Германия мен Польшаның да үлесі жоғары. Беларусь шетке машина жасау және химия өнеркәсібінің өнімдерін, көлік құрал-жабдықтарын, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерін сатады. 2008 жылғы сыртқы саудадағы экспорт үлесі 33 млрд, ал импорт үлесі 39,2 млрд АҚШ долларын құрады. Елде 1,5 мыңға жуық бірлескен, 500-дей шетел кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл істе әсіресе Польша, Германия, Италия және АҚШ фирмалары белсенділік танытқан. Беларусь экономикасында дүниежүзінің 66 елінің инвестициялары тартылған, қаржы көлемі жөнінен АҚШ мен Германия жетекші орында. 2012 жылғы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 760 млн АҚШ долларына жетті.
Халқы