Сүндетқали Есқалиев (1924, Шыңғырлау ауданы, Сулыкөл aуылы - 24.06.1944, Могилев облысы) — Кеңес одағының батыры (24.3.1945).

1942 жылы шілде айында Қызыл армия қатарына алынған. 1944 жылы 556 атқыштар полкінің рота құрамында болған Есқалиев Могилев облысы, Быховск ауданы, Лидчица деревнясын неміс басқыншыларынан азат ету жолында А.Матросовтың ерлігін қайталады. Ерекше ерлік көрсеткені үшін Есқалиевқа қаза болғаннан кейін Батыр атағы берілді. 1966 жылы Шыңғырлау ауданы Сулыкөл селосында Есқалиевтің мүсін ескерткіші қойылды."Қазақ Энциклопедиясы", 3 томБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1924 жылы туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Шыңғырлау ауданында туғандар Санат:24 маусымда қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Могилёв облысында қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар