thumb|right|190px|Жерсағыз Жерсағыз , құмсағыз () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде екі жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шөл-шөлейтті, құмды жерлер мен жазық далаларда өсетін 16 түрі бар, соның ішінде ірі жерсағыз (Ch. mасra), мойынқұм жерсағызы (Ch. mujunkumensіs), Боссэ жерсағызы (Ch. bosseana) — Балқаш — Алакөл ойысының, Мойынқұм, Бетпақдаланың сирек кездесетін өсімдіктері. Көп тараған түрлері: қысқатұмсықты жерсағыз (Ch. brevіrostrіs) және ақ түкті жерсағыз (Ch. canescens). Биіктігі 30 — 100 (150) см-дей. Бұтақты сабағын түк басқан. Жебе тәрізді сүйір жапырақтары кезек орналасады. Сары түсті, қос жынысты гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым — қыркүйекте гүлдеп, қазан айында жемісі піседі. Тұқымы — ұзынша жолақты дән, оның ұшында қалың түкті айдарлары болады. Жерсағыздың тамыры мен сабағында ақ сүті болады, одан кепкеннен кейін сағыз алынады. Жерсағыз — каучук алатын өсімдіктер. Оның — Кузнецов жерсағызы (Ch. kusnezovіі) деген түрі, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы"Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Жер сағыз торғай өлкесінде де өседі. оны ол жақтың қазақтары құмсағыз деп атайды.

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер