Үлкен Тобылжан – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Успен ауданы жерінде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 92,0 м. биіктікте. Ауданы 12,5 км2. Ұзындығы 7,7 км, ең енді жері 2,1 км. Жаға сызығы 17,4 км. Жағалауы жайпақ, көбіне сортаңды, шығысы батпақты болып келеді. Көлден кәсіптік маңызы бар шөкпе ас тұзы алынады. Бұл тұзды Қазақстан және Батыс Сібірдің кейбір аудандары пайдаланады."Қазақ энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Успен ауданы көлдері