Үрпек — Қостанай облысы Амангелді ауданындағы ауыл, Үрпек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Амангелді ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1621 адам (839 ер адам және 782 әйел адам) болса, 2009 жылы 1342 адамды (661 ер адам және 681 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы thumb|right|200px| thumb|right|200px| Ауыл 1960-95 жылы аралығында асыл тұқымды қой өсіретін А.Иманов атындағы кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Үрпекте және округке қарасты Ағаштыкөл, Қарашатөбе, Қосжан, Күлік ауылдарында шаруа қожалықтары құрылған.

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы елді мекендері