Фельдшпатоидтар (нем. Feldspat – дала шпаты, грек. eіdos – түр) – химиялық құрамы жағынан кремний қышқылына қанықпаған тау жыныстарын түзуші минералдардың (сілтілі алюмосиликаттар) тобы. Фельдшпатоидтар сілтілі және негізді тау жыныстарында дала шпаттарының орнын алады. Фельдшпатоидтарға нефелин, лейцит, содалит, мелилит, скаполит, канкринит, т.б. минералдар жатады. Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Санат:Силикат минералдар Санат:Алюминий минералдары Санат:Натрий минералдары Санат:Калий минералдары Санат:Кальций минералдары