thumb|250px|Куросио ағысы (№ 1) right|thumb|Оясио және Куросио ағыстары|250px right|thumb|Тынық мұхиттың солтүстік аймағындағы ағыстар схемасы|250px Куроси́о (, «қара ағыс») — Тынық мұхиттағы жылы ағыс, Жапонияның оңтүстік және шығыс жағалауында. Солтүстік Пассат ағысының жалғасы. 36° с.е. пен 150° ш.б. тұсында шығысқа ауытқып, Солтүстік Тынық мұхит ағысына айналады. Куросионың бұл тұстағы тармағы солтүстікке қарай ағып, 40° с.е-ке таяу маңда Курил суық ағысына қосылады. Сиономисаки мүйісінен оңтүстікке қарай Куросионың ені 170 км-дей, тереңдігі 70 м-ге жетеді. Суының температурасы тамызда оңтүстігінде 28°С, солтүстігінде 25°С, ақпанда оңтүстігінде 18°С, солтүстігінде 12°С. Ағыстың жылдамдығы 1-6 км/сағ. Солтүстік-батыстан соғатын суық желдердің әсерінен Куросио температурасының жылдық ауытқуы 9°С-қа (Сиономисаки мүйісі тұсында) жетеді. Атлант мұхитындағы Гольфстрим сияқты Тынық мұхиттағы Куросио да жылы ағыстар жүйесін құрайды. Бұл Тынық мұхиттың солтүстік бөлігінің климатына, гидрология жағдайына үлкен әсер етіп отырады.«Қазақстан» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тынық мұхит ағыстары Санат:Жапония географиясы