Вечеркин Яков СергеевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), агроном, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Лугов МТС-ның аға агрономы (1945). 1912 жылы Жамбыл облысы, Лугов ауданы, Подгорное селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Орта мектептің 6-шы класын бітірген соң бірнеше жыл колхозшы болып жұміс істейді. 1932 жылы Лугов МТС-на жұмысқа кіріп, жұмысымен қатар агротехника бойынша білімін толықтырады. Агротехника негізін үйренген ол агроном-жоспарлаушы болып ауысады, содан кейінгі жылдары МТС-ның бөлімше агрономы болып істейді. Ұлы Отан соғысы жылдары майданда болып, жауынгерлік ерліктері үшін "Славы III степени" орденімен және "За отвагу", "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. Соғыстан оралған соң Лугов МТС-ның аға агрономы болып тағайындалады. Бригада жұмыстарын, агротехникалық жағдайлар мен колхозшылар жұмысын дұрыс ұйымдастыра біліуінің арқасында колхоз 347,5 гектар жердің әр гектарынан 400,9 центнерден қант қызылшасын алады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері