Ортақшыл — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Ортақшыл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Сырдарияның оң жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1328 адам (681 ер адам және 647 әйел адам) болса, 2009 жылы 981 адамды (527 ер адам және 454 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Іргесі 1943 жылы Сырдария ұжымшары негізінде қаланған. 1975-1997 жылдары қаракөл қойын өсіретін “Телікөл” кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Кеңшар негізінде 1997 жылы Ортақшылда өзімен аттас ӨК құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері