Артавазд ІІ (, - Ұлы Арменияның 5-ші патшасы, Тигран ІІ-нің баласы. Артавазд ІІ білімді адам болған, өлең және сахналық драмаларын грек тілінде жазған.
Тәуелсіздік алу үшін Римге қарсы күресті. Б.з.б. 53 ж. Карр түбіндегі шайқаста парфиялықтардың римдіктерді жеңуі және Парфия-Армения одағының құрылуы Ұлы Арменияның тәуелсіздігін нығайтты. Ертеректе Рим жаулап алған Софена мен Кіші Арменияны Артавазд ІІ қайтарып алды. Кейінрек Парфияның әлсіреуіне байланысты өзін "Рим халқының досы және одақтасымын" деп мойындауға мәжбүр болды.
Б.з.б 34 ж. Рим қолбасшысы Марк Антоний Арменияға басып кіріп, Артавазд ІІ-ні алдап қолға түсіреді де, оны 3 жылдан кейін Мысырда дарға асып өлтіреді.
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Армения тұлғалары Санат:Армения саясаткерлері