Каммари Михайл Давидович – совет философы, профессор (1935). Каммари 1898 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. 1950 жылы философия ғылымдарының докторы атағын алады. 1953 жылы КСРО ҒА коррреспондент мүшесі болады. 1919 жылдан КОКП мүшесі. Ол 1931 жылы Қызыл профессура институтын бітірген. 1929 жылдан жоғары оқу орындарында диалектикалық және тарихи материализмнен сабақ берді. 1954-59 жылдары «Вопросы философии» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1955 жылдан КСРО ҒА Философия институның аға ғалымы болып қызмет істейді. Каммари негізгі ғылыми жұмысын халық бұқарасы мен жеке адамның тарихтағы ролі, коммунизм құрылысы кеңінен өрістеген кездегі ұлт қатынастарының дамуы, Лениннің тарихи материализм теориясын дамытуға арнады. Каммари – «Исторический материализм» (1950), «Основы марксисткой философии»(1959) деген еңбек авторларының бірі.

Дереккөздер

М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.