Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі

І. Лицейдің қысқаша тарихы 1. Мекеме атауы Атырау облысы әкімінің 1993 жылғы 6 тамыздағы № 237 шешімімен құрылған «Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі атауы Атырау облыстық әкімдігінің 2004 жыл 18 қазандағы № 200 қаулысымен «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген.

Мемлекеттік Лицензия № 0001138, берілген күні: 30.12.2005ж.

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 060007 Атырау облысы, Атырау қаласы,

Ж.Досмұхамбетов көшесі, 10 үй,

Байланыс телефоны: 8 7122-32-85-54, факс: 8 7122-32-90-72.

2. Лицейдің даму бағдарламасы Лицейдің 2012-2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары дайындалып, 2011 жылдың 1 желтоқсанында бекітілген. Жоспарда лицейге тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекетті саясатты қалыптастыру және іске асыру міндеті қойылып, жоғары білімді бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт өкілдерін қалыптастыру пайымы көрсетілген. Сонымен қатар ағымдағы жай-күйді талдау; лицейдің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары; функционалдық мүмкіндіктері, ведомствалық іс-қимылдар; ықтимал қатерлер, бюджеттік бағдарламалар қолға алынған.

3. Лицей тарихы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі 1993 жылы ашылып, содан бері заман талабына сай білім және тәрбие беруде, облыс көлеміндегі жоғары жетістіктерге жетіп жүрген іргелі оқу орнына айналып отыр.

Лицейге 6-сыныпты бітірген ер балалар сынақ қорытындысымен қабылданады. Қазақ-түрік лицейлеріне қабылдау емтиханы сәуір айының соңғы жексенбі күні болады.

Білім берудегі басты ерекшеліктер жаратылыстану бағытындағы пәндер, яғни математика, информатика, физика, биология, химия, пәндері ағылшын тілінде оқытылады.

Білім беру барысында оқушылардың сабағы, олимпиадаға, университетке дайындықтары және тәрбиелері үнемі қадағаланып отырады.

Қазақ-түрік лицейі білім беру жүйесі 2 сатыдан тұрады: Екінші саты – жалпы негізгі білім (оқу мерзімі 3 жыл, 7-9 сыныптар), үшінші сатысы – орта жалпы білім (оқу мерзімі 2 жыл, 10-11 сыныптар).

Лицейдің оқушы саны – 240, мұғалімдер саны – 27. Оның ішінде жоғары санатты–8, І санатты– 3, ІІ санатты – 6, санаты жоқ мұғалімдер саны - 10.

4. Бағыты, оқыту тілі Лицей жаратылыстану бағыты бойынша білім береді. Оқыту тілі қазақша. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, Адам, қоғам, құқық негіздері, дүние жүзі тарихы, БӘД, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, сызу пәндері қазақ тілінде; орыс тілі, орыс әдебиеті - орыс тілінде; ағылшын тілі, алгебра, геометрия, информатика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде; түрік тілі-түрік тілінде оқытылады.

ІІ. Лицейдің негізі нормативтік құжаттары

Атырау қазақ-түрік лицейі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, тиісті құзырлы органардың бұйрықтары мен нұсқауларын және Жарғысын басшылыққа алады.

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жыл 16 маусымдағы № 974 қаулысымен бекітілген, 1997 жыл 4 наурызда Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы «Білім саласындағы ынтымақтастық туралы» хаттама негізінде және 2003 жыл 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім» негізінде қызмет көрсетеді.

Облыстық білім департаменті ұсынған «Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі туралы ережені» 1993 жылы 3 қыркүйекте Атырау облысының әкімі № 259 шешімімен бекіткен.

Облыстық қазақ-түрік лицейінің Ұлттық банкте есепшоты ашылып, мөр мен штамп дайындалған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және спорт министрлігінің 1999 жыл 7 тамыздағы № 350 «Қазақ-түрік лицейлері туралы ережені бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жыл 28 тамызда № 496 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бар.

2000 жылы 25 сәуірде Атырау облыстық білім басқармасымен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі туралы келісім шарт жасалған.

2004 жылы 26 сәуірде Атырау облыстық білім беру басқармасы мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында «Атырау қаласындағы қазақ-түрік лицейінің қызметі туралы» келісім шарт жасалған.

2009 жылы 25 ақпанда Атырау облысы әкімдігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры арасында «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы № 1 келісім шарт жасалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» өкімі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №289 «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 қарашадағы №450 «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығы.

2009 жылы 30 желтоқсанда Атырау облыстық білім беру басқармасының бастығы Қайненов Қ.Қ тарапынан бекітілген «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің жарғысы тіркелген.

ІІІ. Лицейдің материалдық-техникалық базасы 1. Мектептің түрі Атырау облыстық қазақ-түрік лицейі - шағын жинақталған орта мектеп.

1959 жылы 324 орындық типтік жобамен салынған мектеп ғимаратында (жалпы алаңы-3400м2) орналасқан.

Лицей жанындағы интернат (жалпы алаңы 1081,1 м2) 120 кісіге есептелген.

Оқу және жатақхана ғимараты 2008 жылы «Аджип» ҚКО компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткізілген.

2013-2014 оқу жылына дайындық актісі 2013 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан алынған.

2. Пән кабинеттері

Лицейде 2 қазақ тілі, 1 орыс тілі, 3 шет тілі, 2 математика, 1 физика, 1 информатика, 1 химия, 1 биология, 1 тарих, 1 БӘД, 1 география, 1 өзін-өзі тану пәні оқу кабинеттері мен 1 информатика зертханасы, 1 химия зертханасы, 1 физика зертханасы сияқты жалпы саны 19 оқу кабинеті (жалпы көлемі 873м2) бар.

Кабинет мүлкінің дені 2008 жылғы күрделі жөндеуден кейінгі алынған, сапалы, үйлесімді, жақсы сақталған. Жарықтандыру жеткілікті, талапқа сай. 3 оқу кабинетінде ғана бормен жазатын тақта қолданылуда.

Сыныптардың барлығында интернет желісіне қосылуға жағдай жасалған. Информатика кабинетінде 27+2, информатика зертханасында 6 компьютер қолданылады.

Химия және физика зертханаларында зертханалық үстелдер қойылып, зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар 90% қамтылған.

3. Лицей спорт залы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінің типтік спорт залы (жалпы ауданы 290,7м2) бар. Спорт зал волейбол тірегі, гимнастика брусьясы, бөренесі және арқаны, аттар, мат, стол теннисі және түрлі топтармен жабдықталған, 2 киім ауыстыратын бөлме, 2 әжетхана және 4 жуынатын кабина жұмыс істейді. 2 велотренажер, 1 жүгіру тренажеры, 2 кір тасы, 1 штангы тренажеры және 2 әмбебап тренажеры алынған. Лицей ауласында турник, брусья, сатымен жабдықталған спорт алаңы және кіші аяқ доп алаңы бар. Бассейн жоқ. Дене тәрбиесі мұғалімі Е.У.Хисимов 11 жыл еңбек өтілі бар І-санатты мұғалім. 2010 жыл 14-26 маусым аралығында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында 0311 мамандығы бойынша, 2011 жыл 3-8 қазан аралығында ОКБАжҚДИ «Мектепке дейінгі орта және жоғары сыныптарда оқушылардың денсаулығын сақтау мәдениетін қалыптастыру» білім арттыру курстарынан өтіп, 2014 жылдың 26-30 наурыз аралығында «Дарын» РҒПО «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы дене тірбиесін оқытудың әдістемесі мен мазмұнының ерекшеліктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарына қатысқан. Лицейде футбол, волейбол және баскетбол үйірмелері ұйымдастырылған.

5. Лицей медицина бөлмесі Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде медициналық қызметпен айналысуға арналған ЛП 00320DR мемлекеттік лицензиясы бар (берілу күні 23.12.2008ж.) медпункт жұмыс істейді. Қабылдау бөлмесі, емдеу бөлмесі және изолятор бөлмесінен тұратын медпункт қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған. Медпункттің медициналық құралдарды залалсыздандыратын ТУ 92-00243346-01-92 аппараты, ультра күлгін сәулемен емдейтін УГН МЕ-72 аппараты, дәрі сақтайтын тоңазытқыш, ауыз су қондырғысы, бой және салмақ өлшеу жабдықтары, жеке компьютер, дәрмек пен құжат сақтау шкафтары бар. Жасөспірімдер дәрігері Г.Х.Кулгалиева 28 жыл еңбек өтілі бар, 2012 жылы 4 қаңтарда «Терапия» мамандығы бойынша маман сертификатын (№016199) алған. Балалар дәрігері К.К.Айдарбекова 30 жыл еңбек өтілі бар, 2012 жылы 19 наурызда «Педиатр» мамандығы бойынша маман сертификатын (№016529) алған. Медбике М.Р.Макашева 16 жыл еңбек өтілі бар 2013 жылы 18 қазанда «Медбике ісі» мамандығы бойынша маман сертификатын алған. Оқушылар мен қызметкерлердің жыл сайын медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру, жоспарлық екпе жұмыстарын жүргізу, флюорографиядан өтуді қадағалау, күнделікті ауырған балаларға алғашқы көмек көрсетіп, әрі қарайғы емдеу жұмыстарын үйлестіру, арнайы Д. есептегі балалардың сауықтыру жұмыстарын жүргізу, аурудың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жолға қойылған. №2 қалалық емхана кестесіне сай қызметкерлер мен оқушылардың толық медициналық тексерістері жүргізіледі.

6. Лицей асханасы, буфет Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінде 20 орындық буфет (45,5м2) пен қатар жақсы жабдықталған асхана (245м2) жұмыс істейді. Асханаға 2008 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Асхананың 100 орындық тамақ ішетін залы, салқын және ыстық суға қосылған арнайы қол жуу бөлмесі бар. Сонымен қатар ыстық цех, ыдыс жуатын орын, көкөніс қоймасы, ет цехы, нан кесетін орын, қойма, құрғақ тағамдар және тоңазытқыштарға арналған бөлмелері бар. Ыстық цехта 4 электр плита, 1 котел, 4 духовка, 2 ет тартушы (піскен және шикі тағамдар үшін), 2 мармит тамақ жылытқыш, ауа сорғышпен жабдықталған. Ыдыс жуатын орында 3 ұялы ванна, таза ыдыстарды сақтайтын сөрелер қойылған, ыдыс-аяқ түрі және саны жеткілікті. Штатта 1 бас аспазшы, 3 аспазшы, 3 аспазшы көмекшісі, 1 қоймашы, 1 еден жуушы қызмет көрсетеді. Келісім шарт бойынша азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету туралы ЖШС «Альтаир-Атырау», КШ «Раушан» ұйымдарымен келісім-шарт жасалған. Әкелген тамақ өнімдеріне сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар ілесе жүреді. Оқушылар диетбике тарапынан дайындалып, 2013 жылдың 9 қыркүйегінде АҚМСЭҚБ бастығы Т.С.Мұсағалиев тарапынан келісіліп 2013 жылдың 9 қыркүйегінде лицей директоры И.Эльма тарапынан бекітілген 10 күндік ас мәзіріне сай күніне 4 мезгіл тамақпен қамтылған.

7. Компьютерлік техника Лицейде 2003 жылы 3, 2005 жылы 11, 2007 жылы 1, 2008 жылы 58, 2010 жылы 4, 2011 жылы 11, 2012 жылы 2, 2013 жылы 41; жалпы саны- 131 компьютер қондырылған. Мұның 44 данасы жергілікті бюджеттен, 5 данасы республикалық бюджеттен, 82 данасы демеушілік қаражатпен алынған. ауыстыруды талап ететін компьютерлік техниканың саны 34 дана (2003-3 дана, 2005-11 дана, 2013-20 дана). Информатика кабинетінде (27+2), информатика зертханасында 6 компьютер, оқу залында 5 компьютер білім алушылардың қолданысында. 1 компьютерге 7 оқушыдан келеді. Қажетті бағдарламалармен қамтылған.

8. Телекоммуникация