Жақсыбай — Тобыл мен Өлкейек өзендерінің бастаулары аралығындағы тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысының Науырзым ауданы жерінде, Торғай үстіртінің оңтүстік жағында, Сыпсыңағаш қолатының шығысында, теңіз деңгейінен 229 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 14 км2, ұзындығы 4,8 км, ені 4 км, жағасының ұзындығы 15,1 км. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады. Қараша — сәуір айлары аралығында мұз қатады. Суы тұщы, тамыз айында сәл кермектеледі.

Жағалау сипаты Жағасы, негізінен, жайпақ, батпақты, оңтүстік түйетайлы, жарқабақты. Мал ішеді, шабындық көлдетіліп суарылады. Іргелес жатқан Арыстанбай өңірінің жайылымы суландырылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы