Балық — Орхон-Енисей жазуларында кездесетін, қала, кент деген мағынадағы сөз, 6—7 ғасырлардағы қалаларға қойылған ат.

Қолданылған кезі 6—15 ғасырлар арасы. Іле-балық — осы күнгі Іле өз-нің аяқ шенінде, Бесбалық Хан Тәңірі тауының солтүстік жағында, Үрімжіге көрші тұрған Гушен қаласының қасында болған, ал Ханбалық — Шыңғыс хан империясы дәуіріндегі Пекин қаласының аты. Шу бойындағы Баласағұн қаласының аты — Құбабалық (Құбалық) — әдемі қала дегенді білдіреді. Солтүстік Ауғанстандағы Балх қаласы да осы сөзбен байланысты болуы мүмкін. Ертеректе оны бактриялықтар астана етсе, кейін Кушан патшалығы, ғазнеуиліктер, салжұқтар, Темір ұрпақтары, Бұхар хандары астана етті.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Филология