Қаржеміс () – ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта.
Ботаникалық сипаты thumb|left|120px|Ақ қаржемістің гүлі Гүлдері қос жынысты, дұрыс пішінді, масақ тәрізді гүлшоғырына жиналған. Тостағаншалары 4-5 тісті, күлтелері кішігірім қоңырау тәрізді, етті, түсі күлгін немесе ақ. Жемісі 2 тұқымды, шырынды, қардай аппақ, сирек жағдайда қызыл немесе қара түсті. Жапырақтары қысқа сағақты, қарама-қарсы орналасқан, шеттері тегіс, қосалқы жапырақшалары болмайды.
Өсетін жері мен таралу аймағы thumb|left|120px|Ақ қаржеміс (Symphoricarpos albus) Қаржемістің 15-ке жуық түрі белгілі. Солтүстік Америкада таралған, бір түрі Қытайда кездеседі. Қазақстанда бір түрі - ақ қаржеміс (Symphoricarpos albus) өседі.
Жеміс салған кезде өте әдемі, сондықтан қалаларда әсемдік үшін де өсіріледі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұшқаттар