Қарақұдық – Қараторғай алабындағы өзен.

Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағымен ағады. Ұзындығы 42 км.

Бастауы Бастауын Ашудасты ауылының батысындағы (8-12 км жерде) бұлақтардан алып, Қараторғай өзенінің саласы - Қайыңды өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Алабының басым бөлігі жазық даламен өтеді. тек орта ағысында жағалауы тік жарқабақты келген. Негізінен жер асты суларымен толығады. Жазда төменгі ағысы (Алуа ауылынан төменде) қарасуларға бөлініп қалады. Сағасында шағын көл орналасқан. Жалпы ұзындығы 23 км болатын 4 саласы бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Арқалық қалалық әкімдігі өзендері Санат:Торғай су алабы