Тимоти Питер Далтон (; 21 наурыз 1946, Колуин-Бэй, Уэльс) – ағылшын актері. «Джейн Эйр» сериалында Эдвард Фейрфакстың, «The Living Daylights» (1987) және «Licence to Kill» (1989) фильмдерінде Джеймс Бондтың рөлдерін ойнап танымал болған.
Өмірбаяны 1964 жылы мектепті бітіріп, он сегіз жасар Далтон Майкл Крофтың театрында жүргізуші болып жұмыс жасайды. 1964-1966 жылдар аралығында Драма өнерінің Королдік академиясында білім алған. 1966 жылы ең бірінші рет телебағдарламаға түседі. 1968 жылы «The Lion in Winter» тарихи фильмінде Филипп II Августтің ролін орындайды. 1978 жылы өзінің бірінші рет «Секстет» атты америкалық фильмінде түседі. ВВС каналынан «Джейн Эйр» (1983) фильмінда Эдвард Рочестердің ролін және «The Living Daylights» фильмінде Джеймс Бондтың рөлін ойнап, америкалық көрермендерге де танымал болды. 90-шы жылдары «Скарлетт» (1994), «Framed» (1992), «Putain du roi, La (aka The King’s Whore)» (1990), «The Beautician and the Beast» (1997) фильмдерінде бас рөлдерін орындап көптеген жанкүйерлерін қуантты.
Жеке өмірі 1977-1986 жылдар аралығында Ванесса Редгрейвпен кездесті. 1995 жылы Оксана Григорьева атты модельге үйленеді. 1997 жылы олардың Александр атты ұлдары өмірге келеді. Қазір екеуі ажырасқан.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер