Червонное — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты ауыл, Червонный ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағалауындағы кішкене көлдің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1302 адам (636 ер адам және 666 әйел адам) болса, 2009 жылы 1111 адамды (538 ер адам және 573 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1914 жылы қаланған. 1930 жылдың бас кезінде - ұжымшар орталығы, 1946-97 жылдары - тұқымдық ірі қара мал өсіретін кеңшардың орталығы болды. 1997 жылы кеңшар негізінде "Червонное" ЖШС құрылды.
Дереккөздер
Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері