Қарашоқы – Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы және Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2194 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.
Жер бедері Беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілмденген. Кейбір бөлігінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудан Қандысу, Сарыемел өзендерінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Беткейі мен шатқалында қайың, терек, аралас қылқан жапырақты шоқ орман кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары