Зинзивер Яков Акимович (18 тамыз 1920 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Новоприречный ауылы – 2 наурыз 1979 жылы, Украина, Донецк облысы) – 3­-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысындағы ұрыстарға қатысқан. Кіші сержант, 302­-атқыштар дивизиясының 827­-атқыштар полкінің байланысшысы болған. І Украин майданында 1944 жылдан маусым айында жаудың бораған оғының астында үзілген 27 байланыс желісін іске қосқан. Донецк облысында тұрып, жұмыс істеген.

Марапаттары Қызыл Жұлдыз Ордені Даңқ Ордені 3 дәрежелі(Бұйрық 12 тамыздан,1944)(№ 192893) Даңқ Ордені 2 дәрежелі(Бұйрық 17 ақпаннан,1945) (№ 44283) Даңқ Ордені 2 дәрежелі(Бұйрық 26 мамырдан,1945) Даңқ Ордені 1 дәрежелі (31 наурыз,1956 жыл) (№ 2391)

Дереккөздер Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 Орысша уикипедия

Санат:1920 жылы туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері