Самсонов Алексей Тихонович (1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Петровка селосы) -Социалистік Еңбек Ері (1972).
Өмірбаяны Еңбек жолын 1941 жылы комбайнердің көмекшілігінен бастады, 1945 жылдан комбайнер болып істеді. 1954-1957 жылдары Преснов ауданындағы «Организованный труд» ұжымшар бригадирінің көмекшісі. Ал 1957 жылдан «Благовещенский» кеңшарының № 2 бөлімшесінің комбайнері болып істеді.
Марапаттары 1967 жылы Ленин орденімен, 1971 жылы Октябрь революциясы орденімен марапатталған. 1972 жылы 13 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Алексей Тихонович Самсоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы.
Дереккөздер
Санат:1928 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Социалистік еңбек ерлері