Иван Михайлович Бережной (1 қантар 1924 жыл, Кременчуг ауыл, Тайынша ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы – 10 сәуір 1944 жыл, Суворов ауданы) — 1942 жылдың тамызынан Кеңес Әскері қатарында болған. 1943 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, майданға жіберілген. IV Украин майданындағы 87-гвардиялық атқыштар дивизиясының 261-атқыштар полкінде пулемет взводының командирі.
1944 жылы сәуірде Қырымдағы Перекоп мойнағында жаудың қорғанысын бұзуда ерекше көзге түсті. Бережнойдың взводы шабуылға шыққан батальонды жау оғынан тасалады. Жаудың шабуылына тойтарыс беру кезінде бір атыс тобы жарамсыз болып қалғанда Бережной пулеметпен қаруланып жауға қарсы оқ жаудырды.
1944 жылы 10 сәуірде ол қаза тапты. 1945 жылдың 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша И.М. Бережнойға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қырымдағы Красноперекоп ауданының Суворово селосында жерленген. Херсон қаласының №1 ГПТУ ғимаратына Батырдың құрметіне мемориалдық тақта орнатылған.
Дереккөздер Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы. Орысша уикипедия
Тағы қараңыз Бережной Иван Михайлович
Санат:1924 жылы туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1944 жылы қайтыс болғандар