Blur — 1988 жылы Лондонда құрылған британдық рок тобы. 90-шы жылдардың ең табысты және брит-поп жанрының көрнекті топтардың бірі.
Seymour атауымен құрылған топ 1990 жылы лейблге жазылғанда атауын Blur-ге өзгертеді. 1991 жылғы "Leisure" алғашқы альбомынан сол кездегі Британияда кең таралған мәдчестер ықпалы көп байқалады. Топ репертуарындағы бритпоп трилогиясының бастауы "Modern Life Is Rubbish" шыққан кезде өз қолтаңбасын тауып бастайды, 1994 жылы шыққан "Parklife" топқа төрт Brit Awards жүлдесін және кең танымалдық әкеледі. Топ әндеріне сөз жазатын Деймон Албарн біршама әндерде ойдан шығарылған кейіпкерлерді сықақпен суреттейді. Музыкалық продюсер Стивен Стритпен тұрақты жұмыс істеп, топ "The Great Escape" альбомымен бритпоптан алыстауды бастайды. 1997 жылы шыққан "Blur" альбомында сол кезде америкалық роктың әсерімен жүрген топ гитарисі Грәм Коксонға көбірек еркіндік беріледі, альбом құрамындағы ойнап шығарылған "Song 2" америкалық және әлемдік танымал ән болды. 1999 жылы шыққан эксперименттік дауыстары көбірек "13" альбомын жазу кезінде топ жаңашылдық іздеп, продюсер Уильям Орбитпен жұмыс жасайды.
Топтың мүшелері Деймон Албарн — вокал Грэм Коксон — гитара Алекс Джеймс — бас-гитара Дейв Раунтри — барабандар
Дискографиясы Студиялық альбомдары 1991 — Leisure 1993 — Modern Life Is Rubbish 1994 — Parklife 1995 — The Great Escape 1997 — Blur 1999 — 13 2003 — Think Tank 2015 — The Magic Whip 2023 — The Ballad of Darren
Концерттік альбомдары 1996 — Live at the Budokan 2009 — All the People: Blur Live at Hyde Park 2009 — Live 2009 2012 — Parklive 2024 — Live at Wembley Stadium
Жинақ альбомдары 2000 — Blur: The Best Of 2009 — Midlife: A Beginner's Guide To Blur
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Ұлыбритания музыкалық топтары Санат:Ұлыбритания рок топтары Санат:1988 жылы құрылған музыкалық ұжымдар