Қарабұлақ – Арқарлы тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қаражал қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Сарыби мен Қарасай өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 600 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында.
Жер бедері Оңтүстік беткейі тіктеу, солт-не қарай еңістеніп жазыққа ұласады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етегінде Итауыз құдығы орналасқан.
Өсімдігі Аласа таудың карбонатты қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, т.б. далалық өсімдіктер өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары