thumb Мишель де Монтень (28. 2. 1533, Бордо маңы,—13. 9. 1592, сонда) — француз философы, жазушы. «Тәжірибелер» деген еңбегімен мәлім. Философиясында өзек етіп ұстаған негізгі принципі — скептицизм (күдіктену). Мишель адамдар өзгеріп-жаңарып отырады, сонымен бірге оның сана-сезімі де, ой-пікірі де жаңаланады, себебі олар оның жеке басына төн қасиет дейді. Сондықтан адам біткеннің бәрінің айтқандарын асыра бағалап, оларға талғаусыз бас ие беру қате деп түсіндіреді.Құдай мен дінге қарсы шықпай-ақ адам өлгенімен «жаны өлмейді» деген негізгі қағидасының күдікті екендігін дәлелдейді.Мишель дүниені танып-білуге болмайды дейтін агностицизм бағытынан өзін аулаққа салады.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Мишель де Монтень · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.