Сәрсенғали Исмаилұлы Сағитов (1931 жыл, Өзбекстан, Төрткөл) – биология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1997). Еңбек жолы 1957 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген; 1958-1961 жылдары Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімшесі Нүкіс ботаникалық бағының меңгерушісі; 1964-1989 жылдары аға ғалыми қызметкер; 1989-1992 жылдары КСРО ғылым академиясының Арал экологиялық орталығында жетекші ғылыми қызметкер; 1992-1997 жылдары Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімінің биоэкология институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды; 1997 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор. Еңбектері 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1931 жылы туғандар