Бақытжан Таймасов (1949 жыл 12 желтоқсан, Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2003). Еңбек жолы 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және 1977 жылы Киев политехникалық институтының аспирантурасын бітірген; 1976-1995 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі; 1996-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде докторант; 2000 жылдан профессор қызметінде. Еңбектері 1999 жылы «Разработка и внедрение энерго-ресурсосберегающих технология производства портландцемента с использованием техногенных продуктов и нетрадиционных сырьевых материалов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 170-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы; 30 өнертабыс пен патенттің иегері.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Өнертапқыштар Санат:1949 жылы туғандар