Кеңес — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 80 км жерде, Қаратау жотасының сайлы-жыралы келген тау алды жазығында, Бесарық өзенінің бойында орналасқан.

Тарихы Ауыл 1977-96 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын «Юбилейный» кеңшарының орталығы болған.

Халқы Тұрғыны 1383 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039400.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері