Оброк — помещиктердің басыбайлы шаруалардан заттай немесе ақшалай жинайтын салығы.
Феодализмнің алғашқы сатысында оброкты азық-түліктей алған. Тауарлық–ақша қатынасының дамуына байланысты ол ақшалай оброкпен ауыстырылады. Ресейде 1861 жылғы шаруалар реформасынан кейін оброк төлеп алу ақысымен ауыстырылды Қазақ совет энциклопедиясы. Ақша түрінде жиналатын оброк 1883 жылға дейін сақталды.
Дереккөздер
Санат:Салық салу тарихы