Гарма Данцаранович Санжеев (2.2.1902 ж.т., Үркіт губерниясы, Балаған уезі – 1982 жылы) бурят кеңес тіл маманы, филология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1935). Бурят АССР-інің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1962), РСФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1973).

Өмірі Ленинградтың шығыс тілдері иснтитутын (монғол бөлімі) бітірген (1928). Санжеев Мәскеу шығыс тану институтында моңғол тілдері кафедрасының меңгерушісі (1931-1954), корей және моңғол (1951-1956), түркі-моңғол және қиыр шығыс тілдері секторының меңгерушісі (1956-1970) болды. Еңбектері Санжеев монғол тілдерін зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдісті қолданды, оның қазақ тілінің тарихы, диалектологиясы жөнінде де зерттеулері бар («Социалисттік Қазақстан», 13 ақпан., 1952, № 37). Санжеев - Моңғол ғылым академиясының «шетелдік профессоры» (1963), ориенталистердің Чома де Короши атындағы Венгр қоғамының құрметті мүшесі (1970). Сыйлықтары Eңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 17-18 бет

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Гарма Данцаранович Санжеев - специалист по монгольским языкам

Санат:2 ақпанда туғандар Санат:Иркутск облысында туғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Профессорлар Санат:Бурятия филологтары Санат:КСРО филологтары Санат:КСРО ғалымдары Санат:Ресей шығыстанушылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері