Камышинка — Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы ауыл, Вавилон ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шемонаиха қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, Үлбі өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11661129 1081 95,7 554 515 93 575 566 98,4
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1926 жылы Ленин атындағы сүт өндіретін ұжымшар орталығына айналды. 1997 жылы оның негізінде “Камышное”, “Центральное”, т.б. шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Шемонаиха ауданы елді мекендері