Солтүстік бұғысы () – бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.
Биологиялық сипаттамасы Бұқасының дене тұрқы 220 см-ге, биіктігі (шоқтығынан) 140 см-ге, салмағы 220 кг-ға жетеді. Солтүстік бұғының қысқы жүні бозғылт, ақшыл, ұзын, қалың жабағылы, жазда қызғылт күрең, тықыр сирек. Аяғының аша тұяғы жалпақ,, кең ашылады, сондықтан бұқа аяғы қалың қарға, батпаққа аса батпайды.
Қоректенуі мен таралуы Солтүстік бұғы Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада поляр аралдарын, тундраны, жазық және таулы тайганы мекендейді. Үйірлі, полигамиялы жануарлар. Қысқы оты негізінде қына, көбіне бұғы мүгі, бұта, ағаш бүршігі, бұтағы, жазда шөптесін өсімдіктер, бұта жапырағы, жидек, саңырауқұлақ. Жыл маусымына байланысты тундрадан орманды тундраға және тайганың солтүстігіне өрістейді.
Көбею Қазан-қыркүйекте үйірге түсіп, 225 күн көтеріп, мамыр- маусымда жалқы, кейде егіз бұзаулайды, жыныстық жағынан 2- жылы жетіледі. Үйірге түсіп шыққан бұқасының мүйізі түсіп, сәуір-тамызда қайта жетіледі. Сиырының мүйізі бұзаулағаннан кейін түсіп, жаңа мүйізі қыркүйекке дейін өсіп жетіледі.
Қолданылуы Кәсіптік маңызы бар, еті, терісі пайдаланылады. Қолда өсірілетін Солтүстік бұғының тегі- жабайы Солтүстік бұғы.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 331 бет
Дереккөздер
Санат:Бұғылар