Молалы-айранды – Қырғыз Алатауы жотасының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1369 м, ұзындығы мен ені 7-8 км. Беткейлері тік, батысы мен шығысы шатқалды. Солтүстік беткейі кертпештеліп тауалды жазығына ұласады. Батыс бөктерімен Ащыбұлақ өзенінің салалары, шығысымен Мөңке өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы Протерозой және палеозойдың тақтатас, әктас, гранит, диорит, т.б. интрузивтік тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шатқалдары мен сайларында жеміс ағаштарымен бірге көк терек, қайың, үйеңкі т.б ағаштардан тұратын шағын орман кездеседі. Солтүстік беткейінің бөктері суғармалы егістікке пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы таулары